Көлгінов елорда тұрғындарын вакцина салдыртуға шақырды

Көлгінов елорда тұрғындарын вакцина салдыртуға шақырды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов бас шаһардағы вакциналау орталықтарының жұмысымен танысып, қала тұрғындары мен қонақтарын екпе алуға шақырды. Дельта штамм келгелі елдегі эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Мутацияланған вирусты жеңудің бірден бір жолы вакциналау қарқынын күшейту екен.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

- Адам көп шоғырланатын жерлерге бармау керек. Қазір жаз айында көріп отырмыз, суға шомылуға немесе басқа туристер жиналатын жерде көп адам барып, бір-біріне вирусты жұқтырып жатыр. Сондықтан сақ болу керек. Бірден бір жол дәрігерлердің айтуы бойынша вакцина алу керек. Өзіңізді, өзіңіздің айналаңыздағы жақын азаматтарды сонда ғана қорғап қаласыздар. Бүгінгі таңда 300 мыңнан астам қала тұрғыны вакцина алды. Осы жұмыс жалғасып жатыр.

Асылжан Жанболат, қала тұрғыны:

- Вакцинаны әр адам өзінің денсаулығы үшін алғаны дұрыс деп есептеймін. Өзімнің еркім. Таңертең ояндым. Денсаулығымды ойлап, осы вакцинацияға келіп, бүгін екінші вакцинаны алып отырмын.