Covid-19: Ақтауда ауру жұқтырғандар саны күрт өсті

Ақтаудағы ең танымал мейрамхананың қызметкерлері таңмен жиналған. Бағыттары бір. Жақын жердегі екпе алу пунктіне бара жатыр. Автобуста аспаз, даяшы, техникалық қызметкерлер бар.  Бәрі өзінің де, өзгенің де қауіпсіздігін ойлайды.

Азизбек Теміров, қала тұрғыны:

– Өз еркіммен вакцина аламын деп шештім. Біріншіден, өзімнің денсаулығым үшін және мейрамханаға келген адамдардың өзін жайлы сезінуі үшін. Вакцина алған десе сенім болады. Екіншіден, қоғамдық тамақтану орындарының былтырғыдай карантинге жабылғанын қаламаймыз. Мұнда 50-ден астам қызметкер еңбек етіп жүр.

Мейрамхана ұжымы процедурадан кейін әлеуметтік желіге арнап видео түсірді. Басқалары да өздерінің бастамасын қолдайтынына сенеді. Қазіргі таңда облыс бойынша қоғамдық тамақтану орындарындағы 300-дей қызметкер екпе салдырған.  Сондай-ақ 587 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» қосымшасын орнатқан.

Ғазиз Надуев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

Ашық жобасына қатысатын обьектілерде анықталған сары және қызыл мәртебесі бар оқшаулануға жататын адамдардың тізімі бүгінгі таңда 153 адамға толып отыр. Оның ішінде 109 адам қызыл статусымен. 44 адам сары статус бар. Қызыл статусы бар 2 жеке тұлғаға 87 мың айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Жалпы Маңғыстау өңірі қызыл аймақта. 22 маусымнан бастап ауру жұқтырғандар саны күрт өсті. 1 аптада мыңға жуық жағдай тіркелген. Қалада мониторингТІК топ жұмысы күшейтілді. «Ashyq» қосымшасы жоқ нысандар сенбі, жексенбі күндері жабылады. Ал жұмыс күндері таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

Авторлары: Әйгерім Ашықбаева, Саламат Бекбаев