Құрбан айт намазы «сары», «жасыл» аймақтардағы мешіт ауласында оқылады

Құрбан айт намазы «сары», «жасыл» аймақтардағы мешіт ауласында оқылады

Құрбан айт намазы қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, «сары», «жасыл» аймақтарда мешіт аулаларында ғана оқылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді. Дегенмен, «қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Айт намазын өткізу бойынша діни басқарманың өкіл имамдары әр өңірдегі бас санитарлық дәрігермен бірлесіп, арнайы брифингтер өткізетін болады. Бас мүфти, жамағаттан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, Айт намазы біткен сәтте мешіт ауласында ұзақ тұрақтамауды өтінді. Сонымен қатар биыл құрбан шалу рәсімі екі жолмен жүзеге асырылады. Бірінші мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып, «сары» және «жасыл» аймақтарда онлайн немесе офлайн форматта өткізіледі. Екінші еліміздің «қызыл» аймақтарында шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес «qurban2021.kz» сайты арқылы тек онлайн режимде жүзеге асырылады. Бұл сайт бүгін сағат 15:00-ден бастап іске қосылып, Құрбан айттың үшінші күні, яғни 22 шілдеге дейін жұмыс істейді. Осы сайт арқылы мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін 17 шілдеден бастап өтініш білдіре алады. Мұқтаж жандарға құрбан малының еті діни басқарма тарапынан жеткізіліп беріледі.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти

- Қазіргі ВАК шешімі бойынша жауабы бар. Ол жерде далада Құрбан айт намазын оқуға рұқсат берген. Дегенмен, бұл жерде жергілікті эпидемиология орталығының бас дәрігерінің қаулысына негізделуі керек. Егер бір қала немесе облыста санитарлық бас дәрігердің қаулысы шықса рұқсатқа. Сол рұқсат негізінде намаздар жүргізілетін болады. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында тыйым салып отыр.

Сонымен қатар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі мешіттерге Ashyq жүйесі енгізілуі мүмкін екендігін айтты. Мешітке келетін жамағаттың қауіпсіздігі үшін діни басқарма мұндай жаңашылдықты құп көріп отыр. Айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне бұл туралы хабар берілген.

Карантин жағдайындағы Құрбан айт: Бас мүфти талаптарды атады

Елордада құрбан шалу онлайн режимде өткізіледі

Құрбан айт күні мал базарлары жұмыс істемейді