Қ. Тоқаев: Құрбан айт кезінде жұрттың жаппай жиналуына жол берілмейді

Қ. Тоқаев: Құрбан айт кезінде жұрттың жаппай жиналуына жол берілмейді

Бүкіл мұсылман үшін қасиетті Құрбан айт мерекесінде құрбандық шалатын жерлерде жұрттың жаппай жиналуына жол берілмейді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек. Жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін. Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Енді атқарушы органдар нақты жоспар түзіп, оны алдағы бір айдың бедерінде Президентке таныстырып әрі жүзеге асырып үлгеруі тиіс.