Қасым-Жомарт Тоқаев жамағатпен бірге құрбандық шалды

Қасым-Жомарт Тоқаев жамағатпен бірге құрбандық шалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды.

Бұлу туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында хабарлады.

«Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда. Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!» делінген хабарламада.