Маңғыстау облысында мал азығы шығынын өтеу үшін 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Маңғыстау облысында мал азығы шығынын өтеу үшін 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Маңғыстау облысында малдың аналық басына шақталған азық шығынын өтеу үшін үкіметтен екі млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Осылайша, республикалық штаб құрғақшылықтан зардап шеккен шаруашылықтарды қолдау тетіктерін іске асыруға кіріскен.

Өңірге іс-сапармен барған премьер-министр Асқар Мамин Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарына жем-шөп жеткізу жұмыстарын барлады. Қазір аймаққа жем-шөп көршілес Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан жеткізіліп жатыр. Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен жасалған келісім аясында 1 200 тоннадан астам арпа әкелініп, шаруаларға төмен бағамен сатылды. Сонымен бірге арнайы комиссия өңірдегі мал басын түгендеумен айналысып жатыр. Үкімет басшысы шаруаларға қолжетімді бағамен 115 мың тоннаға жуық жем-шөпті өткізу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыруды тапсырды. Бұдан бөлек, 56 мыңнан астам тонна кебек сатып алуға қосымша қаражат бөлінбек.