Республикалық маңызы бар мұражайдың жай-күйі мүшкіл

Шығыс Қазақстан облысында ақын Көкбай Жанатайұлының музейі тозған күйде тұр.

Республикалық маңызы бар тарихи нысан күтімсіз қалған. Ғимаратта коммуналдық жүйелер жоқ. Төңірегі  абаттандырылмаған. Биыл ағартушының мерейтойы атап өтілмек. Тұрғындар айшықты шаралар легін мұражайды жаңғыртудан бастауды сұрап отыр.

Көкбай ауылынан 9 шақырым жерде орналасқан музейдің күтімсіз қалғанына біраз жыл болыпты. Тіпті қызметі де тоқтап тұр. Ғимараттың сырты тозып, ішкі қабырғалары құлауға шақ қалған. Ал айналасын қалың шөп қаптаған.

Амантай Жакыпұлы, Көкбай ауылының тұрғыны:

– Жалпы ашылғаннан бері қарай бір кереметтей ештеңе істелген жоқ . Ашылған қалпында қалған. Мінекей, құлаудың аз-ақ алдында тұр. Күзетші деген жоқ арнайы.Бір шырақшы деген адам осының басында отырса, істелген болар ма еді. Туристер, даже кейбір көрем деген адамдар келіп сыртынан қайтып кетеді. Өйткені жабық тұр ғой, құлып. Ешкім түсінік беретін адам жоқ, ашып беретін адам жоқ.

Ғимаратта су да, электр желісі де болмай шықты. Музей деген аты ғана болмаса, мұнда ешкім жұмыс істемейді.

Мунира Қожанқызы, Көкбай ауылының тұрғыны:

Енді осыған свет бөлінсе дейміз су, су болса. Енді маңайының бәрін көркейтіп, түгел күрделі жөндеуден өтсе енді мына 160 жылдығына байланысты. Күзет болатын, енді осыған бір иелік жасайтын кісілер болатын, соны қысқартып тастады деп естіп отырмыз. Сол штатты қайтадан берсе, бұған бір иелік жасамаса болмайды . Басында бір адам отыру керек.

Сәкен Медетбекұлы, Көкбай ауылының тұрғыны:

– Көкбай атамызға келмей кетпейтін адам аудандық дейгейде, облыстық деңгейде, республика деңгейде. Ал қазіргі тұрысы расында да көңілге қоңғысыз. Ана жер көк майса сиякты да, мына жер сарғайып кеткен күз сияқты. Осыны көрген уақытта көңілін құлазиды. Осы қолдан келетін шаруа. Бұған күш керек, бұған қаражат керек.

Нысан республика теңгерімінде тұр. Абай музейінің филиалы саналады. Сала мамандары қолдан келгенше жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін айтып отыр.

Мейрамгүл Қайрамбаева, Абай музейі директорының орынбасары:

– Электрлендіру мәселесі бойынша осы уақытқа дейін қанша ма хаттар жазылды музей тарапынан. Облыс әкімшілігіне, министрлікке хаттар жазылды. Енді соның қорытындысы ретінде биыл электрлендіру жүргізіледі жоспар бойынша. Қазіргі күні және осы тамыз айында музейдің экспозициясын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Тамыз айында ақын Көкбай Жанатайұлының туғанына 160 жыл болады. Мәдениет саласының мамандары мерейтойға дейін музейді реттеп қоюға уәде етті.

Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Берік Жобалайұлы