Сонымен ауыл әкімдерін сайлау аяқталды. Атырау облысындағы үміткерлердің көпшілігі мұғалімдер мен бюджеттік сала мамандары екен.
Әкім болуға ниеттенгендердің 71 проценті ер, 19-ы әйел адам. Мұнайлы өңірде сайлаушылар тізіміне енгізілген 44 мың 305 сайлаушының 74,4%-і дауыс беріп үлгірген. Ал саяси партиялар ішінен «Нұр Отан» партиясы көш бастап, 15 үміткер әкім атанды.
Азамат Айманакумов, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Сайланған әкімдердің ішінде біреуі әйел адам. Ең жасы 29-да. Ең үлкені 61 жаста. Ең көп кандидат қатысқан бұл Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі. Бұл жерде 4 кандидат қатысты. Жалпы ең көп дауыс жинаған кандидаттар ішінде 16-сы саяси партиялардан. Екеуі өзін өзі ұсынған.
