Атыраулық медбике жалған вакцина паспортын 10 мың теңгеге сатқан

Атыраулық медбике жалған вакцина паспортын 10 мың теңгеге сатқан

Атырауда жалған вакцина паспортын жасаған медбике ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

31 шілде күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Атырау облыстық әкімдігі мен прокуратурасымен бірлесіп Egov.kz ақпарат жүйесіне «Covid-19» вакцинасын алу туралы ақпаратты нақты егілмеген адамдарға ақшалай сыйақы үшін енгізумен айналысқан 1981 ж.т., медициналық қызметкерді анықтап,ұстады. Кінәсін мойындаған күдікті, жалған ақпарат енгізу үшін 10 мың теңге алғанын айтқан. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.