«Аshyq» жүйесін қолданатындар көбейді

«Аshyq» жүйесін қолданатындар көбейді

«Аshyq» жүйесін қолданатындардың қатары көбейді.  Олардың саны небәрі 1 апатада 3 есеге дейін артқан.

Үкімет отрысында Алексей Цой осылай деді. Айтуынша, өткен аптада «Аshyq» жүйесіне қосылған нысандардың саны 22 мыңға жуықтайтын. Ал қазір 67 мыңнан асыпты. Мониторингтік топтар жұмысын күшейткен. Олар 50 мыңға жуық нысанды тексеріпті. Сөйтіп, карантин талаптарын бұзудың 642 дерегін анықтаған. Осы ретте індет жұқтырған адамдар да қоғамдық орындарға баруын тыймаған. «Ашық» жүйесі арқылы «қызыл статус»  бар 10 мыңнан аса адам ұсталған. «Сары» түсті «статус» 6 300 адамнан табылды.