Ақтөбе облысында екпе алушылардың саны күрт өсті

Ақтөбе облысында екпе алушылардың саны күрт өсті

Ақтөбе облысында күніне үш мыңға жуық адамға екпе салынып жатыр.

Олардың арасында алпыс жастан асқан тұрғындардың үлесі басым. Ақпан айынан бері аймақта 228 мыңға жуық адам вакцинамен қамтылды. Өнеркәсіпте еңбек ететін жұмысшылардың 96 проценті дертке қарсы егілген. Бүгінде өңір Казвак вакцинасының кезекті партиясын күтіп отыр. Ал індетке қарсы екпе салу облыстың 34 емханасында жүргізіліп жатыр.

Бағила Бекбосынова, №1 қалалық емхананың дәрігері:

– Екі этапта вакцинация жүргізіліп жатыр. 15 мың адам алды вакцинацияны, ешқандай реакция болған жоқ. Күніне 150-200 адамға дейін келеді. Сағат 9:00-ден бастап, кешкі 20:00-де аяқтаймыз. Оған дейін келген адамдарды қабылдап, түсіндіріп, вакцинацияға жіберіп жатырмыз.