Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен екі Ми-8 АМТ тікұшағы және 16 адамнан құралған жедел топ ондағы орман өртін сөндіруге көмектеседі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Оның айтуынша, жолға шыққан экипаж үш мемлекетке тоқтап, олардың шекарасы арқылы Түркияның Мұғла қаласына жетеді. Құтқарушылардың жергілікті билікпен өзара іс-қимылын елшілік үйлестіреді. Кейін еліміз өртенген аумақтарды қалпына келтіруге гуманитарлық көмек көрсетеді.