Елімізде бір ғана облыс «қызыл» аймақта орналаспаған

Елімізде бір ғана облыс «қызыл» аймақта орналаспаған

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасында эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24.

8 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес мына өңірлер «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.