Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы көне жолдар жөнделетін болды

Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы көне жолдар жөнделетін болды

Тұрғындардың тілегі – жолдың жайы. Ақтөбе облысындағы ақ тарының ауылы атанған Ойыл жұртының өтініші ешқашан асфальт көрмеген көшелерде, құрылыс бастауға түрткі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның арасында өткен дәуірден бері тіпті тегістелмей қалған бірнеше көше жолы да бар. Тұрғындардың тілегіне сай тек биылдың өзінде аудан орталығындағы бес бағытта құрылыс қолға алынды. Оған жергілікті бюджеттен 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. Ал, жұмыстың сапасын онға жуық мекеме бақылауға алған. Жалпы таяу жылдары Ойылдағы 30 көшені толықтай жаңғырту жоспарда бар.

Сәндібек Дәулетқалиев, Ойыл ауылдық округінің әкімі:

- Кеңес дәуірінен бері келе жатқан көшелер былтырдан бастап асфальттанып жатыр. Енді қазір Ойыл селосы кеңейіп келе жатыр. Жаңа тұрғын үй көшелері бар. Оның жобалау-сметалық құжаттары жасалды. Келесі жылы ол да асфальттануға жатады.