Қостанайда жалған екпе құжаты мен ПТР-тест бойынша екі қылмыстық іс қозғалды

Қостанайда жалған екпе құжаты мен ПТР-тест бойынша екі қылмыстық іс қозғалды

Қостанайда жалған ПТР-тест құжатын өткізу және пайдалануға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бірі әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Жарнама жазбада 36 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны вакциналау паспортын дайындап беретіндігін жариялаған. Ақшаны алған соң телефонын өшіріп тастапты. Қазір осы іс бойынша тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жіберілді. Ал Лисаков қаласының 61 жастағы тұрғыны жалған ПТР-тесті пайдаланып, Мысырға ұшып кетпек болған. Алайда Қостанай әуежайындағы Ashyq қосымшасы оның бактерия таратушылар тобына жататындығын көрсеткен. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Жеңіс Бисембаев, облыстық ПД ЖПҚ басқарма басшысының орынбасары:

- Тергеу барысында күйеуі мен әйелі Мысырға ұшу үшін алдын ала ПТР тест тапсырғандығы мәлім болды. Оның қорытындысы күйеуінде теріс, ал әйелінде оң нәтиже көрсеткен. Бұл мәлімет бірден Asyq қосымшасына енгізілген. Бірақ соған қарамастан әйел адам жалған құжат жасап, шетел аспақ болған. Қазір ол жалған ПТР тесті кімнен, қашан алғандығы тексеріліп жатыр.