Елімізге Қытайдан Vero Cell екпесінің 1 млн дозасы жеткізіледі

Елімізге Қытайдан Vero Cell екпесінің 1 млн дозасы жеткізіледі

Қытайдан тағы бір вакцина жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің ел Sinopharm компаниясы шығарған Vero Cell екпесінің 1 млн дозасына тапсырыс берген екен. Алғашқы партияны тиеген ұшақ бүгін Алматы әуежайына келіп қонды. Екіншісін ертең алып келмек. Қытайлық вакцинаны арнайы тоңазытқыштарға орналастырған екен. Әзірге бұл екпені отандастарымызға қашан сала бастайтыны белгісіз.