Қазақстанда көмір тұтыну көлемі күрт азаяды

Қазақстанда көмір тұтыну көлемі күрт азаяды

Биыл елде көмір тұтыну көлемі 3 млн тоннаға дейін азаяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай болжам жасап отыр. «Олар көгілдір отынға көшіп жатқандар көп, сондықтан көмірге сұраныс бұрынғыдай болмауы мүмкін», – дейді. Министрлік дерегіне сенсек, биыл 107 млн тонна қатты отын өндіріледі. Оның 30 проценті экспортталады. Іргедегі Ресейге, Қытай, қырғыз еліне, сонымен қатар кәрі құрлыққа жөнелтеді. 5 миллион тоннаға жуық көмірді тұрғындар тұтынады. Ал қалғанын жылу электр станцияларына жеткізеді. Мамандар көмір тұтыну көлемі азайғанымен, оны өндіру сол қалпы сақталады деп сендірді. Сондықтан шахталар жабылмайды, онды қызмет қылатын адамдарды да қысқарту жоспарда жоқ.