Бірқатар өңірде жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды

Бірқатар өңірде жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды

Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Таразда медицина қызметкерлері мен өзге де тұлғалар жалған вакцина паспортын сатумен айналысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа 5 мың мен 30 мың теңге аралығында баға қойылыпты. Аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда жалған паспортты 37 адамның алғаны және осы іске 12 азаматтың қатысы бары анықталды. 12-інің 8-і медицина қызметкері.