Елімізде азық-түлік бағасы 10,3 процентке қымбаттады

Елімізде азық-түлік бағасы 10,3 процентке қымбаттады

Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 10,3 процентке өсті. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе көкөністердің құны көңіл көншітпейді. Импорттық тауарлар мен экспортқа жөнелтілетін өнімдер де айтарлықтай қымбаттаған. Түркістан, Қарағанды өңірлері мен ел астанасы бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Министрдің айтуынша, халықты арзан картоппен қамтуға оңтүстік облыстар сүбелі үлес қосты. Жақын арада солтүстік өңірлер де жаппай картоп жинауға кіріседі. Сондай-ақ шаруалар 557 мың тонна сәбіз жинайды деп жоспарланған. Нәтижесінде баға өсімін тоқтату мүмкін болады. Азық-түліктің қымбаттауы инфляцияға керіс әсер етіп, бұл көрсеткіш 11 процентке жетті.