«Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінде тазалық акциясы өтті

«Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінде тазалық акциясы өтті

«Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінде «Таза өзенге – таза жағалау» атты тазалық акциясы өтті.

Акцияның басты мақсаты – демалушыларды және жергілікті халықты тазалыққа шақыру және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Акцияға ұлттық парк қызметкерлері, еріктілер, ІІМ ПБ-нен бір қызметкер, ТЖБ-нен бір қызметкер, сондай-ақ журналистер мен блогерлер қатысты. 1,5 тонна қоқыс жиналып, арнайы орынға жеткізілді.