Кембриджде сақ қорғандарынан табылған жәдігерлер көрмесі өтеді

Кембриджде сақ қорғандарынан табылған жәдігерлер көрмесі өтеді

«Алтын Шығыс». Осындай атаумен Ұлыбританияның Кембридж қаласындағы Фицуильям музейінде шығыстағы сақ қорғандарынан табылған жәдігерлер көрмесі өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар соңғы алты жылда «Берел» мен «Елеке сазында» жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде табылған. Жәдігерлер біздің дәуірімізге дейінгі IV-V ғасырға жатады. Аң стилінде жасалған киімге тағатын алтын жапсырмалар, бисер моншақтар бар. Берел қорғандарынан табылған жәдігерлердің көбі бүгінде елорда мен Алматыдағы орталық музейде тұр. Кейбірін музей қорына алмас бұрын бірнеше жыл қалпына келтірілді. Ал Лондодағы көрмеге 60 жәдігер апарылады.

Альфия Бақбаева, музей қызметкері:

- Дала өркениеті, дала цивилизациясын көрсету. Өйткені қазіргі таңда шет елдерде біздің өркениетке өте қызығушылығы оянуда. Жәдігерлердің ішінде Шығыс Қазақстанның археологиясы дамуының қаншалықты қазіргі деңгейге жетіп отырғаны, соны көрсетуде.