Степногорск әкімдігінің қызметкерлері 100% вакцина алды

Степногорск әкімдігінің қызметкерлері 100% вакцина алды
BBC

Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласы әкімдігінің қызметкерлері 100 процент вакцина алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

90-ға жуық маман жұмыс істейтін мемлекеттік мекеме енді бұл жетістіктерін әлеуметтік желіде таратып, басқа мекемелерге челлендж жариялап отыр. Олардан бөлек, шағын шаһарда полицейлер, дәрігерлер мен мұғалімдер де толықтай екпе салдырған. Ал жалпы қалада вакцина алуы тиіс 35 мыңнан астам тұрғын бар. Қазір олардың жартысынан көбі егілген. Халыққа мұнда 3 бірдей вакциналау бекеті қызмет көрсетеді. Айта кетейік, қазір Степногорск облыста ауру көрсеткіші бойынша үшінші орында тұр.

Нұрлан Мұқатов, Степногорск қаласы әкімінің орынбасары:

– Біздің қала өндірістік қала болғандықтан, 8800-ден артық өндіріс орындарда жұмыс істейді. Жалпы олар 58 пайыз алып бітірді. Олардың алған қарқындары өте жақсы. Өйткені бәрі түсінеді, жұмыстарына қажет екенін. Түсіндіру жұмыстарын шаршамай жүргізіп жатырмыз. Соның арқасында осындай жақсы пайыздарға жеттік деп мен ойлаймын.