Шымкентте көлік әйнегін қараңғылаған 13 мың адам жауапқа тартылды

Шымкентте көлік әйнегін қараңғылаған 13 мың адам жауапқа тартылды
vzglyad.info

Шымкентте 13 мыңға жуық жүргізуші көлік әйнегін қараңғылағаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жыл басынан бері мұндай 12 950 автокөлікті анықтаған. 

Жүргізушілерге қатысты полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі "Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушылардан жолда мұқият болуды және ережелер сақтауды сұрады.