Қызылордадағы жылу жүйелерінің 40%-і тозған

Қызылордадағы жылу жүйелерінің 40%-і тозған

Биыл Қызылорда облысында 3 аудан орталығы газға қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен, бұл елді мекендердегі барлық әлеуметтік нысанды көгілдір отынмен жылыту әзірге мүмкін емес. Ол үшін автономды қазандықтарын газға бейімдеу керек. Сондықтан биыл 33 мың тонна көмір мен 25 мың тонна дизель отыны әлеуметтік нысандардың қыстан қысылмай шығуы үшін сатып алынатын болды. Сондай-ақ мамандар Қызылорда қаласындағы жылу жүйелерінің 40%-і тозғанын айтып отыр. Іргесі 57 жыл бұрын қаланған жылу электр орталығының да жағдайы мәз емес. Жыл сайын жамап-жасқағанмен, кем-кетігі таусылмай келеді.

«Бұл орталықтың құрылғыларына қажет қосалқы бөлшектер бүгінде ешқандай зауытта шығарылмайды», - дейді мамандар. Сондықтан жаңасын салу өзекті күйде.

Ерлан Жоламанов, облыстық энергетик және ТҮКШ басқармасы басшысының м. а.:

- Бұрынғы ескі ТЭЦ орнын қазір тазалап, дайындап қойдық. Сол жерге біз парогазовая установка дейді, 200 МГВ салатын болып, министрлікпен жұмыстар жасалып, бүгінгі күні техника экономикалық негіздемесін министрлік айналысып жатыр. Үлкен қаражатты қажет етеді. 100 млрд теңгенің үстінде. ТЭЦ салу оңай емес.