Атырауда карантин талаптары күшейтілді

Атырауда карантин талаптары күшейтілді

Енді той тойлап, тәртіп бұзғандарды полиция бақылауға алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, мұнайлы шаһардағы ірі 14 мейрамхананың маңында полиция қызметкерлері тәулік бойы жаяу жүріп кезекшілік атқармақ. Осылайша, өңірдегі күрделі эпидемиолиялық ахуалды реттеуге күш салады. Қазір той тойлап, карантиндік шектеулерге бағынбайтындардың саны артқан. Соңғы аптада анықталған 40-қа жуық тәртіп бұзушылықтың жартысы отбасылық шараларды өткізгендер.

Абзал Әліпқалиев, ПД ЖПҚ бастығының міндетін атқарушы:

- Атырау облысы аумағында коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны әлі де тіркеліп отыр. Оған қоса карантиндік шектеулерді сақтамай, оларды бұзу фактілері де орын алып отыр. Осыған байланысты полиция департаментімен Атырау қаласы аумағында орналасқан мейрамхана маңына тәулік бойына 14 жаяу патрульдік полиция бекеттерін қойдық. Бұл жұмыстарды алдағы уақыттарда аудандарда жүргізуді жоспарлап отырмыз.