БҚО-да орман өртін сөндіру қиынға соғып тұр

БҚО-да орман өртін сөндіру қиынға соғып тұр

Батыс Қазақстан облысында дала және орман өрті өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалын тілі Ақжайық ауданына қарасты Бударин ауылының аумағындағы тоғайдың біраз бөлігін шарпыған. Орман шаруашылығына қарасты алқаптардың отқа оранғанына бүгін үш күн болды. Өртті сөндіруге ТЖД мен табиғи ресурстар басқармасының жүзден аса қызметкері және 22 техникасы тартылды. Бірақ аптап ыстық салдарынан оттың бетін қайтару қиын болып тұр. Атырау қаласынан «Қазавиақұтқару» мекемесінің тікұшағы да жетіп, осы өртін сөндіруге жұмылдырылды.  ​

Рауан Қайырғалиев, облыстық ТЖД басқарма басшысы

– Мына орман ішінде техникалардың, адамдардың кіруіне қиын учаскелер бар. Сол жерлерге тікұшақпен жоғарыдан су құйылады. Өрттің өшпей тұрған себебі – ауа температурасының 40 градустан түспей тұруы. Сосын желдің қаттылығы.