Алматы дәріханаларына Ashyq жүйесі қойылмайды

Алматы дәріханаларына Ashyq жүйесі қойылмайды

Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабардар етті.

Ал жатақханаларда тек коронавирусқа қарсы вакцина алған студенттер ғана тұра алады. Вакцина паспорты 18 жасқа толмаған, медициналық қарсы көрсетімдері бар немесе соңғы 3 ай ішінде коронавируспен ауырған студенттерден ғана талап етілмейді. Қаланың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыда екінші компонентті алмаған студенттерге екпе салдыру қажеттілігін атап көрсетті. Шетелдік студенттер сабаққа қатысу үшін екі компонентін де толық алуы қажет. Ұстаздар мен оқу орнының қызметкерлері де 100 процент екпе салдыруы керек.

Айта кетейік, биылғы жаңа оқу жылы офлайн форматта басталады.