Эвакуацияланған тұрғындарға облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған

Эвакуацияланған тұрғындарға облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған

Тараздағы әскери қоймада болған жарылысқа байланысты төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды.

Аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін:

- 109 телефон нөмірі;

- 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды.

Сонымен қатар,

- 8(7262) 54-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.

Апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медициналық қызметкер жұмылдырылды.

26.08.2021 ж. Сағат 23:30-дағы жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына және Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 науқас жеткізілді.

Олардың көпшілігі жеңіл жарақаттанған болса, екеуі ауыр жарақат алғандар.

Сонымен қатар, жұртшылықтан және БАҚ өкілдерінен тек қана ресми түрде жедел штаб тарапынан ұсынылатын ақпаратты назарға алуды сұраймыз.