12 жастан асқан балалар Аshyq қосымшасын қолдана алады

12 жастан асқан балалар Аshyq қосымшасын қолдана алады

12 жастан асқан балалар өз еркіне қарай Ashyq қосымшасын қолдана алады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың қаулысында айтылған.

Құжатқа сәйкес, жергілікті әкімдік балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балаларды сауықтыру орталықтарына, Ashyq қосымшасында бекітілген аймақаралық және қалааралық туристік тасымалдарға кіруін қамтамасыз етуге тиіс.

Сондай-ақ жаңа қаулы бойынша Алматыдан басқа өңірлердегі кәсіпкерлік нысандар демалыс күндері Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істейді. Онда «жасыл» статусы бар азаматтар және 7 күннен аспаған теріс ПТР нәтижесі бар тұрғындар, сондай-ақ, вакцинаға медициналық қарсы көретілімдері бар азаматтар кіре алады.

Айта кетейік, Алматы әлі де қоңыр-қызыл аймақта. Сондықтан, демалыс күндеріне қатысты шектеулер сақталады.