Жыл басынан бері ел бойынша жол апатынан 90 бала қайтыс болған

Жыл басынан бері ел бойынша жол апатынан 90 бала қайтыс болған

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді.

Ал 1800-ден аса оқушы оқыс оқиғадан жарақат алды деді ол. Осыған орай Ішкі істер министрлігі жол-көлік апатын болдырмау мақсатында «Абайлаңыз, балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын жүзеге асырып жатыр. 

Жандос Мұратәлиев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

– Қазіргі таңда дайындық кезеңі қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл кезеңде білім беру мекемелерінің аумағындағы көше, жол тараптарының, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдыра зерттелуде. Коммуналдық қызметкерлерімен жолға жақын орналасқан 4 мыңнан астам тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін уәкілетті мекемелерге 2 мыңға жуық нұсқама берілді.