Қызылорда облысында ахуалдық орталық ашылды

Қызылорда облысында ахуалдық орталық ашылды

Аралдағы 26 мобильдік топ күніне 3-4 той-домалақты анықтайды.

Карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл төлетіп жатыр. Бірақ той үзілер емес. Соның бір себебінен індеттің де беті қайтпай тұр. Қазір Арал қаласындағы инфекциялық стационарда 36 адам ем алып жатыр. Оның бесеуі реанимацияда. Жағдайлары ауыр. Коронавирус жұқтырғандардың барлығы екпе қабылдамаған азаматтар,– дейді дәрігерлер. Мамандар індетпен күресті жүйелі жүргізу үшін арнайы ахуалдық орталық та ашылғанын айтты.

Гүлмира Кемалова, арал ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Ахуалдық орталық ашылды. Ол жерде телефон арқылы хабарласу арқылы үй жағдайында ем алып жатқан науқастарға бақылау жүргізіледі. Қазіргі таңда 35 адам бақылауда, оның төртеуіне ем-шара жүргізілуде. Қалған 31-не тек бақылау жүргізіліп отыр.