Мойынқұмдықтар артылған мал азығын қуаңшылықтан зардап шеккен облыстарға жіберіп жатыр

Мойынқұмдықтар артылған мал азығын қуаңшылықтан зардап шеккен облыстарға жіберіп жатыр

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының шаруалары биыл рекордтық көлемде мал азығын жинады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Артылғанын қуаңшылықтан зардап шеккен көрші облыстарға жіберіп жатыр. Ұланбел ауылдық округінің алқаптарына 28 бригада жұмылдырылып, жылдағыдан 60 мың тонна артық шөп шабылды. Жұмыс әлі де жалғасады. Бүгінгі күні 20 мың гектардай шабындық орылды. Шаруалар қазан айына дейін жұмыс істейміз деп отыр.

Айта кетейік, ауданда мал азығын мол жинау үшін мемлекет қорындағы жерлерді де оруға да рұқсат берілген еді..

Ержан Әмірхан, Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары:

– Алматы облысының Жамбыл ауданы, Самсы ауылы, сондай-ақ тағы басқа ауылдарының бәрін мал азығымен қамтып жатырмыз. Бізде қазір 7-8 мың гектардай шабылмаған орындар бар.