Жатақханадағы өрттен зардап шеккен ер адамға операция жасалады

Жатақханадағы өрттен зардап шеккен ер адамға операция жасалады

Бүгін Маңғыстау облысында жұмысшылар жатақханасында болған өрттен зардап шеккен ер адамның аяғына операция жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір науқасты Бейнеу ауданынан Ақтауға жеткізу жолдары қарастырылып жатыр. Өрт кезінде ғимаратта 10 адам болған, оның алтауы сыртқа шығып үлгереді. Өкінішке қарай, оқиға орнында бір ер және бір әйел адам қаза тапты. Тағы 2 ер адам 2-қабаттан секіріп, дене жарақатын алды. Сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң Бейнеу орталық ауруханасына жеткізіледі. Таңғы 5 шамасында Боранқұл кен орнында болған өртке электр желісінің қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Нұрбол Оқуов, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Екінші қабаттан секірген кезде қолын, аяғын, омыртқа, тағы біраз жерін жарақаттаған. Олардың қазіргі жағдайлары тұрақты деп бағаланып отыр. 1984 жылы туған жас жігіт хирургия бөліміне жатқызылды. Алдағы уақытта Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіп, травмотология бөліміне жатқызу жоспарланған. Оған екі аяғына ота жасау қажеттігі туындап отыр.  

Мұрат Мұханов, ТЖД бастығы:

- Таңғы сағат 7.22 минутта өрт толықтай сөндірілді. Себептері анықталуда. Лаборатория шығып кетті. Өрт салдарынан 2 адам қаза болды. Сол жердегі жұмысшылар. 76 жылғы және 63 жылы туған азаматтар.