«Келінжан-3» телехикаясы трендтер қатарына енді

«Хабар» арнасында тұсауы кесілген «Келінжан» телехикаясының үшінші маусымы Youtube видео хостингінің трендтер қатарына енді.

Қазір маусымның алғашқы үш сериясы қаралым бойынша 2, 3 және 4-ші орынға тұрақтаған.

YouTube тренді – көрермен ең көп көретін, бір-бірімен бөлісіп, талқылайтын танымал видеолардың жиынтығы. Ескеретін жайт, бұл тізімге бір арнадан тек үш бейнематериал кіре алады.

«Келінжан 3» телетуындысының алғашқы сериясы бір тәулікте жарты миллионға жуық қаралым жинады.

Айта кетейік, 2019 жылы «Келінжан» телехикаясының алғашқы маусымы интернеттегі қазақстандық сериалдар арасында рекорд жаңартқан болатын. Оны небәрі екі аптада миллион адам қараған. Ал екінші маусымды 5 күнде миллионнан астам көрермен тамашалады.

Танымал телетуындының жаңа серияларын «Хабар» арнасынан күнделікті сағат 21:30-да және Хабар SHOW YouTube каналынан көре аласыздар.