Нұр-Сұлтан ауруханалары науқастарды қабылдау мен жатқызуды кезең-кезеңімен қайта бастайды

Нұр-Сұлтан ауруханалары науқастарды қабылдау мен жатқызуды кезең-кезеңімен қайта бастайды
Елорда әкімдігі

Елордада осы жазда ковидтік стационарларға тартылған қалалық ауруханалар кезең-кезеңімен бұрынғы қызметіне оралады.

Осылайша бүгіннен бастап №3 көпбейінді қалалық аурухана пациенттерді жоспарлы түрде де, шұғыл түрде де қабылдайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекциясының төмендеуіне байланысты елордада бұрын жұқпалы аурулар ретінде бейінделген бес стационар ковидтік госпиталь ретінде жабылды.

Бұрын ковидтік аурухана ретінде жұмыс істеген Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы, қалалық психикалық денсаулық орталығы әдеттегідей пациенттерді қабылдайтын болады. Ал Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының бір блогы әлі де жұқпалы болып саналады, онда КВИ және вирустық пневмониямен ауыратын науқастар емделіп жатыр.

«Біз жұқпалы аурулар ауруханаларын жауып, азаматтардың бұрынғыдай медициналық көмек ала алатынына қуаныштымыз. Жағдай тұрақталды, бірақ қуануға әлі де ерте. Эпидемиологиялық жағдай жақсарғанда да санитарлық нормалардың сақталуын ұмытпау керек. Жаздағы жағдайдың қайталанып, ауру көрсеткіші артқанын қаламаймыз. Мұның бәрі өзімізге байланысты. Есіңізде болсын, вирус толығымен жойылған жоқ», – деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, №3 көпбейінді қалалық ауруханадағы клиникалық блоктың травматологиялық бөлімі 10 қыркүйектен бастап жарақат пункті ретінде жұмыс істейтін болады.

Басқарма вакцинация мен қала тұрғындарының санитарлық нормаларға деген жауапкершілігі арқылы ауру деңгейін төмендетуге қол жеткізілгенін атап өтті.

«Менің ойымша, осы бір жарым жыл ішінде тұрғындар кез-келген адам ауыруы мүмкін екенін, сол сияқты вирустың қауіптілігін түсінді. Өзін қорғап, денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын болды. Нәтижесінде екпе алғандардың қатары белсенді толығып жатыр. Мұның бәрі жұқпалы аурулар ауруханаларын сәтті жауып жатқанымызға оң әсер етеді. Егер қала тұрғындары қысқа мерзімде вакцинацияланса, көп ұзамай қалыпты өмірге орала аламыз», – деп толықтырды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.