423,91 504.32 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада Есіл өзені мен оның салалары тазартылып жатыр

  • 142
  • UPD: 17:25, 13.09.2021
Елордада Есіл өзені мен оның салалары тазартылып жатыр Елорда әкімдігі

Елорда әкімдігіне қарасты «Жаснұр» ұйымының қызметкерлері қазіргі уақытта Есіл өзені мен оның салалары – Ақбұлақ пен Сарыбұлақта санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерін санитарлық тазарту бойынша жұмыстар осы жылдың сәуірінен қазан айына дейін тұрақты негізде жүргізіледі.

Суы алмаспайтын немесе ағысы өте баяу су қоймаларында – көлдерде және баяу ағып жатқан өзендерде биогендік элементтер біртіндеп жиналады. Бұл балдырлар мен су өсімдіктерінің дамуына әкеледі. Болашақта биогендік элементтер концентрациясы жоғарылап, «судың гүлдену» деңгейіне (климаттық жағдайларға байланысты әртүрлі) жеткенде планктонды балдырлар мен өсімдіктердің тез дамуы өзге тіршілік түрлеріне кері әсер етеді.

Қазіргі уақытта Есіл өзені мен оның салалары – Ақбұлақ пен Сарыбұлақтың су айдынын тазарту жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы