Маңғыстауда төтенше жағдай жариялана ма?

Маңғыстауда төтенше жағдай жариялана ма?
Abai.kz

Маңғыстаулық фермерлер жергілікті биліктен төтенше жағдай жариялауды сұрайды. Шаруалар биылғы құрғақшылық салдарынан мыңдаған малынан айырылғанын айтады.

Өңірде мамыр айынан бері төрт-түлік көтерем күйге түсіп, қырыла бастаған. Тірі қалғандарын бағу да оңайға түспепті. Жаз айларында жем-шөп бағасы шарықтап, кәсіпкерлер 1 түкті 1500-2500 аралығында саудаланған. Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу ауданының шаруалары төрт түлігі ашыққасын амалсыз сатуға шығарды. Шаруа қожалықтары шаш етектен шығынға батқан. Маңғыстаудағы жылқылардың даладағы өлекселері әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Ал, маусым-тамыз айларында облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары ауа ылғалдылығына тексеру жүргізіп, нәтижесінде төтенше жағдайға сәйкес келмейтінін хабарлаған. Себебі, аптап ыстық 20 күнге жалғасу керек. Ал мұндай көрсеткіш аймақта тіркелмеген.

Нұржан Борашев, облыстық төтенше жағдай басқармасының ДЖББ бастығы:

– Метерологиялық және аграметерологиялық қауіпті  құбылыстар, өсімдіктердің зақымдануын туғызатын 20 немесе одан да көп күндіз ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30 пайыз, топырақ қабатының су қоры 35 мм және одан көпке сақталуы. Бұл критерий бойынша 20 күннен асқан көрсеткіш тіркелген жоқ. Аса жіті созылмалы жұқпалы аурулары, брюцелез, туберкулез, сап және т.б жануарлардың қырылуы 5 бас жане одан коп. Жануарлардың жаппай ауруы – 100 бас. Бұл критерийге сәйкес келмеді.Төтенше жағдайлар өлшем шартына сәйкес келмегендіктен Маңғыстау облысына төтенше жағдай жариялауға негіз бола алмады.