Елордада автобус жүргізушілері тапшы. LIVE

Елордада қоғамдық көліктердің іші адамға лық толы. Күздің қара суығында аялдамаларда бүрсең қаққан жұрттың қарасы қалың. Мәселе қалай шешіледі?

Жұрт жұмыстан кешігіп жатырмыз деп шағымдануда. Себеп – автобус жүргізушілері тапшы. Қазір қалада 759 жүргізуші жетіспейді. Шаһарда 93 бағыт бар. Сол бағытта ұзын ырғасы 860 автобус қатынайды. Ал автопарктердегі транспорттың саны мыңнан асады. Тізгіндейтін адам болмаған соң бәрі бірдей жүрмейді. Жалпы ереже бойынша қоғамдық көліктердің жүру аралығы ең ұзақ дегенде 15-20 минут болуы тиіс. Алайда кейбір адам «аялдамаларда 30 минуттап тұрамыз» дейді. Жүргізушілер қазір күнара жұмысқа шығады. Жалақысы жақсы болса да, көбі тұрақтамайды.