Германияда қазақ қауымдастығы құрылды

Германияда қазақ қауымдастығы құрылды

Германия астанасында алғашқы қазақ қауымдастығы құрылды. «Мирас» деп аталған бұл ұйым осы елде жұмыс істеп, оқып жатқан отандастарымыздың басқосар ортасы.

Мақсат жергілікті халықты Қазақстанның мәдениетімен таныстыру. Қауымдастық еуропалықтарға елдегі классиктердің шығармашылық кештерін өткізіп, отандық фильмдерді көрсетпек. Түрлі көрмелер мен фестивальдер арқылы да халқымыздың салт-дәстүрін паш ету жоспары бар. Кішкентайларға да арнайы бағдарлама дайындалған. Яғни бүлдіршіндер демалыс күндері Берлиндегі елшілікке келіп қазақ тілін үйренеді. Сабақ ойын түрінде жүргізіледі. 

Айнур Матаева, «Мирас» қазақ қауымдастығының төрайымы:

- Мында өсіп жатқан балақайларымызды қазақ тілінде сөйлеуді ынталандыру, салт-дәстүрімізді сақтап қалу жалпы мақсат сол. Ұлттық тағамдарды пісіреміз. Жалпы қалай пісіреді, қалай жасайтының. Бұйыртса, киіз үй алып қалармыз. Оны жинауы мысалы ересек адамдарға да өте қызықты. Қазақтің ірі тұлғалары туралы кеш өткіземіз. Кино қараймыз. Бәріміз бірге ұлттық ойындарды ойнаймыз. Яғни біздің ересектеріміз де қазақ тілің дамыта алады.