Жамбыл облысында таулы аумақтағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда

Жамбыл облысында таулы аумақтағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда

2021 жылдың 20 қыркүйегінде Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының таулы жерлерінде өрт сағат 12-00 де ауыздықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Хабар 24.

Өрттің алдын ала себебі – тұрғындардың от қолданудағы абайсыздығы.

Өртті сөндіруге  барлығы 277 адам мен 42 техника, «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Барлау нәтижелері бойынша, өрттің алдын ала ауданы 650 гектарды құрайды, «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағымен жеке құрамды биік жерге жеткізу бойынша ұшулар жүргізіледі (биіктігі теңіз деңгейінен 2700 м-ден 3000 м-ге дейін). Сондай-ақ өрт ошақтарына су шашты. Күн батқаннан соң адамдар жою орнынан төмен түседі, таң атқан соң жұмысты қайта бастайды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 16 қыркүйегінде Жамбыл облысы ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының 101 қызметіне Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылына жақын жердегі Есдәулет учаскесінде тау баурайында құрғақ шөп жанғаны туралы хабарлама түскен болатын.