ТМД елдері Қарулы Күштердің біріккен байланыс жүйесін құрады

ТМД елдері Қарулы Күштердің біріккен байланыс жүйесін құрады

ТМД елдерінің қарулы күштері арасында бірлескен байланыс жүйесі құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті келісімді ратификациялады. Құжатты әзірлеген Қорғаныс министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл жаңашылдық отандық әскерилердің арасындағы байланысқа еш кедергі келтірмейді және қауіп төндірмейді.

Айта кетерлігі, бұл жоспарды орындауға бюджеттен қаржы бөлінбейді. Себебі, көрші Ресей мемлекеті барлық қажетті техникамен қамтамасыз етуге дайын. Сондай-ақ депутаттар ТМД аумағында бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесін құру туралы келісімді бекітті. Бұл бөлімше Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кірмейтін елдерде гуманитарлық минасыздандыру жұмыстарын жүргізуге құқылы.