Мәдениет және спорт министрі: 36 ведомстволық награда оңтайландырылды

Мәдениет және спорт министрі: 36 ведомстволық награда оңтайландырылды

Ведомстволық 36 награда, оның ішінде 11 медаль мен 25 төсбелгі оңтайландырылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде орталық мемлекеттік органдардың 65 ведомстволық наградасы бар. Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар геральдикасы жөніндегі комиссия отырысында осы марапаттарды оңтайландыру мәселесі сөз болды.

Келер жылы Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толады. Осы орайда Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев айтулы датаны республикалық деңгейде атап өтіп, іс-шаралар жоспарын дайындауды тапсырды.

Бұдан бөлек отырыста «Қазақ геральдикасы» атты кітап-альбомның тұсаукесер рәсімі өтті.