Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейді

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейді

Мемлекеттік органдарда қазақ тілін қолдану аясы кеңейді.

Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің төрағасы Əділбек Қаба мәлімдеді. Сыртқы істер министрлігінде өткен жиында мемлекетік тілді дамыту жолдары сөз болды. Қатысушылар электронды жүйелердің мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде рөлі зор екенін атап өтті. Әділбек Қаба қызметкерлерге күнделікті жұмыс үшін пайдалы электронды ресурстарды таныстырып, ведомствоның терминологиялық тобының қызметіне оң бағасын берді. Жиында айтылған ұсыныстар ескеріліп, өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жобасына енгізіледі.