БҚО-ның қос шалғай ауданына апаратын жолдың жыры бітер емес

БҚО-ның қос шалғай ауданына апаратын жолдың жыры бітер емес

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек пен Бөкейордасы секілді шалғай жатқан қос ауданына апарар жолдың жыры бітер емес.

Әсіресе күзгі жауында жол үсті ми батпаққа айналып, көлік атаулы күре жолдың бойында апталап қалып қояды. Осы жолмен қатынаған тұрғындар мына секілді кадрларды түсіріп, әлеуметтік желіде реніштерін білдіріп жатады. Оған да 30 жылдай уақыт өтіпті. Алайда баяғы жартас сол жартас. Республикалық маңыздағы «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» жолын жаңадан салу туралы шешім осыдан 2 жыл бұрын қабылданған еді. Былтыр мердігерлер техникасын әкеліп, құрылыс материалдарын жеткізіп, жол бойына вахталық қалашықтарын да салып қойған еді. Алайда төселген жолдың ұзындығы небәрі 20 шақырым. Себеп пен сылтау сан алуан. «Қазавтожолдың» хабарлауынша, бұған жиі жауған жаңбыр мен пандемия шеңберіндегі шектеулер теріс әсер еткен. Жол саласында маман кадрлар да тапшы. Әсіресе құрылыс материалдарын жеткізуде қиындық көп екен.

Әмір Кәрімбаев, «ҚазАвтоЖол» БҚФ директоры: 

- Біз келісім-шартты бұза аламыз. Қазір енді біз қараймыз жылдың аяғына дейін біз мердігерлерге уақыт беріп тұрмыз, қазір жұмыс қарқынын күшейтіп жұмыс жасауына. Мердігерлер енді жұмыс қарқынын көбейтпесе және айтылған жоспар орындамаған жағдайда біз осы өзіміздің басшы астанамен министрлікпен келісе отырып, осы шарттарды бұзу жайларын да қарастыратын боламыз.