Өнеркәсіптегі мемлекеттік ынталандыру бәріне бірдей берілмейді

Өнеркәсіптегі мемлекеттік ынталандыру бәріне бірдей берілмейді

Өнеркәсіптегі мемлекетттік ынталандыру шаралары арнайы тізімдегі тауар өндірушілерге ғана көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін қосылған құны жоғары 4 мыңнан астам тауар іріктеліп алынды. Бұған қоса, өндіріс көрсеткіштерін арттыруды көздейтін қарсы міндеттемелер енгізіледі. Егер талап орындалмаса, кәсіпорындар бюджет қаражатын қайтаруға тиіс болады. Бұл туралы Мәжілісте «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасының бірінші оқылымында сөз болды.

«Жалпы бизнес үшін 20-ға жуық ынталандыру шаралары қолжетімді болады. Кәсіпорындардың сұрауы бойынша ынталандырудың жаңа әдісі өнеркәсіптік грант енгізілді деді . Өнер-әсіптік грант бірлесіп қаржыландыру арқылы өндірісті жаңғыртуға беріледі», – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.