426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО-да жалған 30 фирма құрған топ мүшелері сотталды

  • 106
  • UPD: 11:22, 07.10.2021
ШҚО-да жалған  30 фирма құрған топ мүшелері сотталды

Мемлекетке 11 миллиард теңгеге жуық залал келтіргендер сотталды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы мониторингі департаменті жалған шот-фактураларды заңсыз жазып берумен айналысқан алты азаматқа қатысты қылмыстық істі аяқтады. Топ 2014-2018 жылдар аралығында облыс аумағында заңсыз қызмет атқарған 30 фирма құрған. Алайда қағаз жүзінде ғана. Оның қызметкерлері де, мүлкі де, өндірістік-техникалық базасы да болмаған. Номиналды басшылардың ешқайсы қаржы-шаруашылық жұмысымен айналыспаған. Фирмаларда бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізілмеген. Мемлекетке келтірілген залал 10 миллиард 800 миллион теңге. Сот үкімімен топ мүшелері бас бостандығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы