Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қоса беріліп отырған ұлттық жобалар тізбесі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген ұлттық жобаларды бекітсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Ұлттық жобалар тізбесі
- «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы.
- «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.
- «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.
- «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.
- Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
- «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.
- «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы.
- «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.
- Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
- «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы.