Түркістанда республикалық қарилер байқауы мәресіне жетті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен Х республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауы өз мәресіне жетті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған конкурсқа еліміздің әр аймағынан 74 үміткер қатысты. Қатысушылардың қарым-қабілетін бағалап, жарысқа төрелік еткен қазылар алқасы жас қарилар арасынан үздік бесеуді іріктеді. Сөйтіп, екі күнге жалғасқан байқауда Шымкенттік Әлібек Жалиев жеңімпаз болып, автокөлікке ие болды. Сондай-ақ екі қариға ынталандыру сыйлығы ретінде ұмра қажылығына жолдама берілді. Басқа да қатысушылар сый-сыяпатқа ие болды. 

Наурызбай Қажы Тағанұлы, бас мүфти: 

- Демеушілерімізге де Алла разы болсын. Олардың да ниеті, мақсаты осы қасиетті кітап құранымызды кеңінен насихаттау. Біздің Тұңғыш Президентіміз – Елбасы өз сөзінде: «Тегіміз Түрік, дініміз Ислам, кітабымыз қасиетті Құран. Сол үшін құранды насихаттауды ұмытпауымыз керек» деген болатын. Сондықтан ҚР Мұсылмандар діни басқармасы өзіміздің қасиетті құранды насихаттау мақсатында осындай сайыстарды өткізіп жатырмыз.