ШҚО-да өз еркімен вакцина салдыратындар қатары көбейді

ШҚО-да өз еркімен вакцина салдыратындар қатары көбейді

Шығыс Қазақстан облысында COVID-19-ға қарсы қарсы екпенің бірінші дозасын 821 мың 297 адам салдырған. Бұл аймақ тұрғындарының 80%-і деген сөз. Ал толық вакциналаудан өткендер қатары 66 проценттен асты.

Шалғай ауылдарда да халық вакцина алып жатыр. Мәселен, Қытаймен шекарадағы Зайсан ауданында тұрғындардың 93 проценті екпе салдырған. Қазір мұнда эпидахуал біртіндеп қалыпқа түсіп келеді. Тек аудандық ауруханада 12 адам емделіп жатыр. Елді мекендерде 12 вакциналау пункті және жылыжымалы медицина кешені бар.

Шәкизат Жақыпбаева, Зайсан аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Бізге берілген жоспар 23 мың 67 тұрғын болса, бүгінгі күні біз 1-ші компонентпен 21 мың 300-дей тұрғын ектік. Яғни 92,3 % құрайды. Оның сыртында 2-ші компонентпен 17600-дей тұрғын ектік. Жалпы бұл жұмыстар басталған кезде халық арасынан келіп егілулер қатары аз болған. Бүгінгі күнде өз еркімен, өз қалауымен келіп егіліп жатыр, келіп жатқандар қатары өте көп.