Талдықорғанда ТЖД оқу-жаттығу өткізді

Талдықорғанда ТЖД оқу-жаттығу өткізді

Жыл басынан бері Алматы облысында 11 көп қабатты үй өртенді. Оқыс оқиға кезіндегі іс-әрекетті пысықтау үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Талдықорғандағы жатақханалардың бірінде оқу-жаттығу өткізді.

Сала мамандары отқа оранған ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, қызыл жалын құрсауында қалғандарын арнайы техника көмегімен құтқарды. Жарақат алып, ыс тигендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт сөндіруге жиырмадан аса құтқарушы, тәртіп сақшылары және медицина мамандары қатысты. Олар  студенттердің жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылын тексеріп, ережелерді түсіндірді. 

Дидар Асқарбекұлы, облыстық ТЖД қызметкері:

- Бұл оқу жаттығулардың мақсаты жер сілкінісі пайда болған сәттегі оқушылардың және оқытушылардың алғашқы іс қимыл алгоритімі қандай істер жасалу керек. Қандай ережелер жасалуы керек. Соны машықтау мақсатында өткізілді. Дәл осындай оқу жаттығу жыл басынан бері 1450 ұйымда өткізілді. Және әрі де жалғасады.